Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДЕ МЕТАПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған March 2020

101

316

Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа

Бұл мақалада пәнаралық байланыс негізінде студенттерде метапәндік құзыреттерді
қалыптастыру мәселесі қарастырылады. «Метапәнділік» ұғымы бір мәнді анықтамаға ие емес және
зерттеушілердің түрлі көзқарастарын бейнелейді. Ұғымның ұзақ тарихына қарамастан, оның
бірыңғай түсіндірмесі әлі күнге дейін жоқ, түрлі ғылыми мектептер оны басқаша түсіндіреді. Қазіргі
заманғы түсіністегі метапәндік тәсіл дәстүрлі білім беру технологияларын толықтырады және
кеңейтеді, білім алушыларға пәндік мазмұнға таптаурын емес көзқараспен қарауға мүмкіндік береді,
саналы түрде зерттейді және белгілі бір ізге түсу процедуралары (мақсатты болжау, іздеу, талдау
және әр түрлі ақпарат түрлерін синтездеу және оны бағалау) арқылы өзіндік ойлау әдістерін
дамытады. Білім берудің метапәндік мазмұны метабілім, метабілік, және метатәсілді меңгеру ретінде
ретінде қойылуы мүмкін, табысты жеке өсу үшін қажетті метапәндік әрекеттерді қалыптастыруға
мүмкіндік беретін дәстүрлі әрекеттен туындайтын өзге де іс-әрекетті көздейді. Метапәндік іс-әрекет
оқу пәнінің шегінен тыс әрекет; ол кез келген пәндік ұғыммен, схемамен, модельмен және т. б.
жұмыстың жалпылама тәсілдеріне оқытуға бағытталған және өмірлік жағдайлармен байланысты.
Пәнаралық байланыстар метапәндік нәтижелерге қол жеткізудің маңызды құралы болып табылады.
Метапәндік әдісі тұлғаның жан-жақты дамуын, біртұтас дүниетанымды қалыптастыруды, білім
алушылардың әртүрлі пәндерде игерген білімін синтездеуді, оларды практикада, еңбек қызметінде
және адам өмірінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Саудабаева Г.С., Шолпанқұлова Г.К. , . 2020. ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРДЕ МЕТАПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 65, 1 (Бер 2020), 43–48. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.07.