Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Жарияланған March 2020

84

133

Аңдатпа

Мақалада ғылыми дереккөздердің негізінде «жаратылыстану», «зерттеу» «ғылыми – зерттеушілік» ұғымдарына отандық және шетелдік авторлардың берген анықтамалары бойынша талдау жасалынған. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметіндегі зерттеушіліктерін дамыту туралы ақпараттар ұсынылады. Соңғы кезде ғылыми білімді қажет ететін жағдаяттарды көптеп кездестіреміз, сол себепті мектепке дейінгі ұйымдардан бастап ғылымды қарапайым түсініктермен таныту қажеттігі туындап отыр. Жаратылыстануды оқытуға балалардың қисынды ойын дамытудың құралы ретінде қарап. Мектепке дейінгі ұйымдарда жаратылыстану мен экологияны оқытуды ұсына отырып, баланың ақыл-ойын дамытуда жаратылыстану пәнінің маңыздылығы көрсетілген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарын меңгеріп қана қоймай, оны өзіне қызмет етуге бейімдейді, осының негізінде жаратылыстанудан алатын ғылыми ұғымдар үнемі баланың ақыл-ойын дамытуға көмектесетіндігі жөнінде тұжырымдар жасалған. Жаратылыстану ғылымы туралы педагог - ғалымдар мен практиктердің жүргізген психологиялық-педагогикалық зерттеулерінің нәтижелері туралы мәлімет беріле отырып, мектепке дейінгі білім беруде осы зерттеулерді қолдану балалардың ойлауының қазіргі заманғы талаптарға сай әрі қарай дамуына негіз бола алатыны жөнінде дәлел келтірілген.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Манкеш, А. і Даулетбаева , Ж. 2020. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ НЕГІЗІНДЕ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 65, 1 (Бер 2020), 362–366. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.65.