Естуінде ауытқуы бар оқушыларды ағылшын тіліне оқытуда верботональды әдісті қолдану мәселесі қарастырылған. Есту қабілеті нашар балаларды ең алғаш ана тілінежәне шетел тілінеүйретудеверботональды әдіс ең тиімді тәсілдердің бірі екендігн дәлелдеген француз академигі - Петар Губерина жайлы сөз қозғалады. Сонымен қатар есту қабілеті нашар балалар бір уақытта сөйлеуді және қабылдауды үйренеді, яғни осы әдіс арқылы ауызша сөйлеу қабілеті қалыптасып дамиды. Сондай-ақ, П.Губерина жалпы лингвистикалық мәселелерді - тілдегі дыбыс пен қозғалысты, ырғақ пен ономатопеяны зерттегені туралыжәне есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды оңалтудың әдісін жасады.
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әрекетінің – айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалымжолдары тиімді қолданылса, және тапсырмаларәрбаланың ерекшеліктерінежәне тапсырма мазмұны тілдік дайындық деңгейіне сәйкес беріліп, оларға жекесараланған тапсырмалар мен нұсқаулықтарды нақты көрсету қажеттілігі, бөлінген уақыт қатаң дәлелді болуы. Осы шарттардың орындалуы сабақтың материалын түрлендіріп қана емес, сонымен бірге тақырыпты жақсы түсінуге ықпал ететіндігі мазмұндала келе естуінде ауытқуы бар оқушыларды қалыпты ортаға(социумға)бейімдеу болып табылады.