Мақалада дуальді-бағдарлық оқыту ұғымының, сондай-ақ, дуальділік, дуальді жүйе, дуальді оқыту, дуальді білім беру, дуальді форма педагогикалық-психологиялық аспектілері қарастырылады.
Зерттеу жұмысымызда философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасай отырып, тұжырымдаймыз: болашақ педагогтың кәсіби даярлығындағы дуальді-бағдарлық оқыту – жоғары педагогикалық білім беруге дуальді оқыту элементтерін ендіруге негізделген жүйелілік, әдіснамалық айқындылық және практикалық қажеттілік қағидаларын іске асырудағы мектептің, колледждің және ЖОО-ның нәтижелі өзараәрекеттестігінде болашақ педагогтың практикалық даярлығын жетілдірудегі инновациялық траектория. Яғни, мұғалімдерді дуальді оқыту немесе болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлауда педагогикалық университеттер мен өнеркәсіп секторының (мектептер, колледждер және т.б. білім беру ұйымдары) үштігіндегі ынтымақтастық арқылы және Үкімет шешімдері, мемлекеттік деңгей негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес жоғары педагогикалық білім беруде дуальді оқытуды енгізудің болмауы және жоғарыда аталған қиындықтар мен оны жүйе тұрғысынан енгізудің қиындығы дуальді оқытуды емес, дуальді-бағдарлық жағдайды қарастыруға мүмкіндік береді.