Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланған June 2022

449

428

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазақстанда әлеуметтік өзгерістер және экономикалық интеграция бойынша жаңа ауқымды міндеттерді шешу білім беру сапасымен қамтамасыз етіледі. Жоғары педагогикалық білім – бұл  барлық сатыдағы білім беру жүйесі дамитын сала. Алайда, заманауи сынақтарға, мегатрендтерге сәйкес педагогикалық білім беруді озық дамыту бірқатар проблемалармен күрделене түседі. Мақалада мұғалімді даярлау бойынша халықаралық тәжірибелерді және Қазақстандағы жоғары педагогикалық білімнің қазіргі жағдайын зерттеу негізінде жаңа педагогтың кәсіби дайындығының сапасын арттырудың бағдары ретінде кейбір тәсілдер ұсынылған. Авторлар педагогикалық білім беруді дамытудың негізгі тенденцияларын анықтады. Интеграция үрдісі педагогикалық білім берудің жаңа мазмұнын дамытудың әдіснамалық тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогті даярлаудың халықаралық тәжірибесінен алынған жекелеген идеялар, ережелер ғылыми қызығушылық тудырады: тәжірибеге бағытталған, жоғары педагогикалық білім берудің жаңа құрылымдары және оның мазмұнын жаңарту, Ұлттық біліктілік шеңберін (ҰБШ) практикалық пайдалану, зерттеу компонентіне инновациялық көзқарас, педагогикалық ЖОО-ға, дарынды жастарды мектептерге тартудың жаңа нысандары, педагог пен білім алушылардың әл-ауқатын қамтамасыз ету. Салыстырмалы талдау негізінде педагогикалық білім беруді дамытудың мынадай  бағдарлары ұсынылды: әлемдік білім беру мәдениетіндегі өзінің ұлттық құндылықтары мен тәжірибесін ескере отырып, әлемдік білім беру практикаларындағы интеграциялық процестерді ескере отырып, педагогтарды даярлау жүйесін дамытудың әдіснамалық тәсілдері мен қағидаттарын жаңарту; ҚР-да педагогикалық білім беруді дамытудың жаңа тұжырымдамасында негізделген жаңа стратегияны әзірлеу қажеттілігі.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жампеисова К.К., Хан Н.Н.,Колумбаева Ш.Ж., . 2022. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫН ӘЗІРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 74, 2 (Чер 2022), 3–13. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.01.