Бұл мақалада бастауыш мектеп оқушыларының сөздік-логикалық ойлауын психодиагности-
калауда Э.Ф. Замбацявичене әдістемесінің Л.И. Переслени модификациялаған нұсқасы, «Сөздік
субтестілер» мен балаларға арналған үрейлілік шкаласының (The Children’s Form of Manifest Anxiety
Scale – CMAS) А.М. Прихожан модификациясындағы нұсқалардың тәжірибеде қазақша қолданылуы
қарастырылған. Әдістемелердің мектепке дейінгі жастағы және бастауыш мектеп жасындағы, бейін
алды мектеп жасындағы балалардың сөздік-логикалық ойлауының динамикасын анализдеуге
арналған орыс тіліндегі нұсқасы қазақ тіліне аударылып, оларды бастауыш мектеп оқушыларының
сөздік-логикалық ойлауын зерттеуге пайдаланылды. «Сөздік субтестілер» әдістемесінің және
балаларға арналған үрейлілік шкаласының (The Children’s Form of Manifest Anxiety Scale – CMAS)
А.М. Прихожан модификациясындағы нұсқаларын пайдаланып, бастауыш мектеп оқушыларымен
психологиялық-педагогикалық эксперимент жүргізіліп, экспериментке қазақ және орыс тілін жақсы
меңгерген респонденттер іріктелініп алынды. Эксперимент екі кезеңде жүргізіліп, І-кезеңде 9-10
жастағы балалардың сөздік-логикалық ойлауының және үрейлену деңгейінің дамуы қазақ тіліндегі
әдістемені пайдаланып жүргізілсе, ал ІІ-кезеңде осы жастағы балалармен әдістемелер орыс тілінде
жүргізіліп, нәтижелеріне салыстырмалы талдау жасалынды. Экспериментте әдістемелердің орысша-
қазақша нұсқасын қолданудағы нәтижелерінің өзара байланысы математикалық-статистикалық
әдістермен талданып, айқындалды.
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫ МЕН ҮРЕЙЛЕНУІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ
Жарияланған June 2021
90
170
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
бастауыш мектеп жасы, сөздік-логикалық ойлау, үрейлілік шкаласы, ойлауды зерттеу, психодиагностика.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Ш.Д. Имангалиева, Б.Ж. Бекжанова, А.С. Ахметова, Ш.И. 2021. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК-ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫ МЕН ҮРЕЙЛЕНУІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕСІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 67, 3 (Чер 2021), 144–151. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-3.1728-5496.19.