Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

А ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМ ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ

Жарияланған June 2022

219

233

Баишев университет
Аңдатпа

Мақалада қазіргі таңдағы пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыру туралы идея алынған. Жазу жұмысы – бастауыш сыныптағы жалпы, оқу процесіндегі аса маңызды салаларының бірі,  ол үздіксіз әрі ырғақпен  жазу жаттығуларын  орындап отыруды, көркем жазуға баулу барысында жүйелі жұмыс істеуді қажет етеді. Сонымен қатар, мақалада мектептерде жаңартылған білім мазмұнына көшу және пандемия жағдайындағы қашықтықтан оқыту жүйесіне ауысу бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру мәселесінің қажеттілігін және оның өзектілігі айтылған. Бастауыш сыныпта жазу дағдысын қалыптастыру барысында баланың жас ерекшелігін ескеру негізінде әдістемелерді оқыту жолдары көрсетілген және  жазуға үйрету процесі баланың психологиялық, физиологиялық дамуына және сенсорлық дағдының қалыптасуына тигізетін ықпалдары зерттелген.Қашықтықтан оқыту жағдайында бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың жаңа формалары қарастырылып, оқытушыларға ұсынылған.

pdf