Бұл мақалада кіші жастағы оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін ғана емес, білім беру саласындағы кәсіпкерлік қызметті де ұйымдастыруға қабілетті педагогтердің қажеттілігі талқыланады. Зерттеу мәселесіне байланысты Web of Science деректер базасында 2017-2022 жылдар аралығында кәсіпкерлік білім беру тақырыбы бойынша жарияланымдарға талдау жасалды, сондай-ақ студенттер арасында сауалнама жүргізілді, нәтижесінде кәсіпкерлік тұжырымдамасын түсінудің бастапқы деңгейлері, сондай-ақ студенттердің жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейінгі жоспарлары, кәсіпкерлік бойынша курстарға қатысу мәселелері анықталды. Жүйелі тәсіл арқылы әртүрлі ғалымдардың кәсіпкерлік білім беру мәселесіне талдау жасап, ғылыми тұжырымдамалар жасадық.
Зерттеудің мақсаты – болашақ бастауыш сынып педагогтерінің кәсіпкерлік құзыреттілігінің, кәсіпкерлік білім беруінің теориялық және практикалық негіздерін талдау.
Зерттеу әдістері: тақырып бойынша ғылыми-практикалық жұмыстарды талдау және жалпылау, эмпирикалық әдістер, эксперимент. Мақалада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (әрі қарай – Абай ат. ҚазҰПУ) «Бастауыш білім беру» оқу бағдарламасының студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері берілген.