Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру технологияларын дамыту мен қолдану ерекше маңызға ие болуда, бұл, біздің ойымызша, қазіргі білім беру жүйесін жетілдірудің маңызды факторы болып табылады.
Мақалада сандық білім беру үдерісіне білім беру ресурстарын оқу үдерісіне қолдану жөніндегі мәселелер қарастырылады.
Сандық білім беру ресурстары оқу үдерісін жақсартуды ұйымдастыру, тұлғаға бағытталған оқыту; сандық білім беру ресурстары оқытушы мен білім алушыға сабақтан қалған уақыттағы олқылықтарды жоюға; сабақтан кейін өзіндік іздену нәтижелерін жақсартуға; оқытушының ізденуіне үлкен мүмкіндік береді.
Сандық білім беру ресурстарының жиынтықтары білім алушыға ақпараттың үлкен ағымын жеткізеді. Оқу үрдісінде сандық білім беру ресурстарын қолдану - бұл оқу процесін жетілдіруге, оңтайландыруға, білім алушының пәнге оқуға деген қызығушылығын арттыруға, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асыруға, сабақтың қарқынын, өзіндік жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірін ұсыну әрекеті болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, авторлар мақалада сандық білім беру ресурстарының үштұғырлы дидактикалық қызметін: сандық білім беру ресурстарын пайдалана отырып оқыту, дамыту, тәрбиелеуге назар аударыды.