Мақалада мектепке дейінгі білім беру ұйымының заттық-кеңістіктік дамыту ортасын құру және ұйымдастыру мәселелерінің өзектілігі қарастырылады. Себебі, мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында орта маңызды фактор болып табылады. Белгілі бір білім беру ортасы бар мектепке дейінгі ұйымдар ғана өмірлік және кәсіби мәселелерді шешуде шығармашылық көзқарасымен ерекшеленетін, белсенді, тәуелсіз, бастамашыл қасиеттерге ие, өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға және өзара әрекеттесуге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Ал мұндай тұлға қазіргі қоғамның тез өзгеретін жағдайына оңай бейімделеді. Тұлға қалыптастыру үшін мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік ортасы мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болуы қажет. Мақаланың өзектілігі заттық-кеңістіктік даму ортасының мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы дамуына әсерін анықтау және оны ұйымдастыруда мектепке дейінгі білім беру ұйымының тәрбиешілерінде кездесетін қиындықтарды анықтаумен, мектепке дейінгі білім беру ұйымының заттық-кеңістіктік даму ортасы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың дамуының маңыздылығын мойындау мен қоршаған ортаны ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстардың жеткіліксіз дамуы арасындағы қарама-қайшылықтың болуымен байланысты. Заттық-кеңістіктік орта мектеп жасына дейінгі баланың түрлі әрекеттерін қамтамасыз етеді, жеке белсенді әрекетінің негізін қалайды. Баланың негізгі әрекеті ретінде ойын жетекші рөл атқарады. Ойын әрекетін ұйымдастыруда, қарым-қатынас мәдениетін жүйелеуге қажетті мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қиялын қалыптастыруда заттық-кеңістіктік орта ерекше орын алады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУ ОРТАСЫН ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланған March 2022
159
180
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
заттық-кеңістіктік орта
ойын әрекеті
қағидаттар
тұтастық
вариативтілік
педагогикалық процесс
даму ортасы
конструктивті аймақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Асылбек А.М.,Бельгибаева Г.К.,Кошкумбаев К.Т. , . 2022. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУ ОРТАСЫН ҚҰРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 233–244. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.24.