Әлемдегі жаһандану үдерісінің өсуі, ақпараттық қоғам мен білімге негізделген экономиканың қарқынды дамуымен жоғары білім беруді интернационализациялау көптеген елдерде жоғары білім берудің дамуының негізгі сипаты мен маңызды тенденциясына айналуда. Жоғары білім беруді интернационализациялау әдетте оқыту, зерттеу және әлеуметтік қызметтердегі халықаралық өлшемді біріктіру ретінде түсініледі. Авторлар кадрларды даярлау сапасын арттыруды жоғары білімді интернационализациялау сияқты үдерістің қозғаушы күштерінің бірі деп есептейді. Мақалада мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жоғары білім беру саласын интернационализациялаудың маңыздылығын талдай отырып, оларды жұмыспен қамтудағы озық тәжірибені байыту және біліктілікті жетілдіру, ЖОО-да мамандарды даярлау сапасын арттырудың тиісті стратегияларын іске асыру, инновацияларды дамыту қажеттілігіне назар аударады. Мақалада білімнің әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялану үдерісін ашуға талпыныс жасалған, өйткені интернационализациялау білім беру жүйесі қабілеттілігін арттыруға және озық халықаралық тәжірибеге жақындауға ықпал етеді.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТАЛАНТТАРДЫ ДАМЫТУ
Жарияланған March 2022
111
92
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Лю Лицзюнь, Акрамова А.С., . 2022. ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗАЦИЯЛАУ АРҚЫЛЫ ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТАЛАНТТАРДЫ ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 73, 1 (Бер 2022), 19–28. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-1.1728-5496.03.