Андатпа
Мақалада мектептегі әлеуметтік-педагогикалық қызметтің мазмұны ашылады. Оқушылар мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселесі бойынша әдеби дереккөздерге талдау жасалады.Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог маманының қажеттілігі туралы айтылады. Авторлар білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс бойынша заманауи маманға кәсіби сипаттама береді. Қазіргі мектепте әлеуметтік жұмыс мамандарының қажеттілігін растайтын мұғалімдер мен ата-аналармен жүргізілген әлеуметтік сауалнамасының нәтижелері ұсынылған.Әлеуметтік педагогтың жұмысының педагогикалық бағыттары егжей-тегжейлі ашылады. Мектепте қиын балалармен түзету және білім беру бағдарламаларының негізін құрайтын әлеуметтік-диагностикалық бағыт негізгі бағыттардың бірі ретінде талданады. Сонымен бірге, балалардың құқықтарын қорғау бойынша кеңес беру жұмысының да маңыздылығы қарастырылады, себебі құқықтық ағарту әлеуметтік педагог жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады.
Түйін сөздер: әлеуметтік педагог, әлеуметтік қолдау, құқықтық қорғау, ата-аналар, отбасы, баланың құқықтары.