Мақалада педагогикалық және фармацевтикалық өндіріс технологиясы мамандықтарының студенттеріне «Электротехника және электроника негіздері» пәнін оқытудың мақсат-міндеттері қарастырылған. Қазақстанда білім беруді жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз кәсібін еркін меңгерген, өз жұмысын тиімді орындайтын, өзінің кәсіптік қызметінің аралас салаларында еркін бағдар алатын және кәсіптік жоспарда үнемі өзін-өзі жетілдіруге дайын білікті қызметкерді даярлау болып табылады. Болашақ мамандарды кәсіби дайындауды қоғамдық сұранысқа орай үйлестіру – мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың тетігі, алғышарты. Цифрлы техологияларды пайдалану адам өмірінің барлық сфераларында елеулі өзгерістер әкелді. Қазіргі кездегідей ақпараттар тасқыны қарқындап тұрған кезде электротехника құралдарымен жұмыс істей алу да аса қажетті құзыреттілік болып табылады. Әсіресе болашақ педагог мамандар мен инженер технологтар үшін электрониканы зерттеу, тану, қолдану қажеттілігі туындауы сөзсіз. Пәннің осы бағыттағы, яғни цифрлық сауаттылық пен ақпараттық құзыреттілік қалыптастырудағы маңызы аталып, оқытуды жаңаша ұйымдастырудың жолдары көрсетілген. SMART мақсаты анықталған практикалық сабақтың қысқа мерзімді жоспары келтірілген. Болашақ маманның тәжірибелік дайындығы арнайы әдістемелік пәндерді меңгеруде, оқытудың әдістері мен технологияларын меңгеруі аясында қарастырылған.
The БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДАҒЫ «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланған June 2022
239
110
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Жусипбекова Ш.Е., Ибраева М.К., Сейтенова С.С, . 2022. The БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДАҒЫ «ЭЛЕКТРОТЕХНИКА ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 3, 74 (Чер 2022), 211–221. DOI:https://doi.org/10.51889/2022-2.1728-5496.24.