Бұл мақалада әлеуметтік желідегі қарым-қатынас мәдениеті мен цифрлық этикетті ескере отырып, әлеуметтік желілердегі студенттердің белсенділігін бақылау мәселесі қарастырылады. Желідегі қарым-қатынас мәдениеті желілік ортадағы өзара әрекеттесуді реттейтін нормалар, ережелер мен құндылықтар жүйесі ретінде қарастырылады. Қатыгез қарым-қатынастан аулақ болуға, жалған ақпарат таратуға және басқа адамдар жариялаған ақпаратқа адалдық пен құрметке баса назар аударылады. Мақала сонымен қатар цифрлық этикет мәселесін, соның ішінде онлайн ортадағы өзін-өзі реттеу ережелерін және желілік ортадағы әрекеттерінің салдары үшін жауапкершілікті қарастырады. Студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылаудың өзектілігі мен қажеттілігі зерттеледі, сондай-ақ мониторинг жүргізу әдістері мен құралдары талданады. Мақала авторлары "Интернеттегі қарым-қатынастың студенттердің жеке қасиеттеріне әсері" және "Студенттердің желілік коммуникативтік мәдениеті мен цифрлық этикетке қатынасы" сияқты сауалнамалар жүргізді. br-analytics.ru, sproutsocial.com, babkee.ru, awario.com. Facebook, Instagram, Youtube және т. б. сайттар көмегімен әлеуметтік желілерде студенттердің белсенділігін бағалау жүзеге асырылды. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде білім беру процесі контекстінде әлеуметтік желілердегі студенттердің белсенділігін тиімді пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктері айқындалды.