Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ОЙЫННЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ

Жарияланған September 2026

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақалада біз мектепке дейінгі жастағы балалардың эмоционалдық дамуына ойынның ықпалын зерттеу мақсатында Қазақстанда қабылданған нормативтік-құқықтық актілер мен педагогтардың тәжірибесінің шеңберінде талдау жасадық. Бұған Оқу-ағарту министрлігінің қолданыстағы нормативтік базасын негізге алдық (ҚР Үкіметінің №249, №137 қаулылары, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №348, №499, №422, №130 бұйрықтары). Классикалық педагогика мен заманауи ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, талдау нәтижелерін педагогтарымыздың практикасын-дағы бақыланған ерекшеліктермен байланыстырдық. Отандық және шетелдік зерттеулерге талдау жасалды.

Заманауи зерттеулерге сүйене отырып, ойынның эмоционалдық дамуға әсер ететін тетіктері қарастырылды: ойын ережелерін қабылдау арқылы өзін-өзі реттеу, рөлдік ойын арқылы басқаның көзқарасын түсіну, ойындағы қарым-қатынаста алынған эмоционалдық кері байланыс және стрессті сыртқа шығару. Нәтижелер соңғы онжылдықта баланың тұрақты эмоционалдық дамуы өзекті халықаралық мәселеге айналғанын және қауіпсіз әрі икемді дамытушы заттық-кеңістіктік орта мен эмоционалдық интеллектісі жоғары педагогтар болған жағдайда ойынның сапалы өзара қарым-қатынасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылатынын көрсетеді. Зерттеу сондай-ақ педагогикалық тәжірибедегі жиі кездесетін қиындықтарды да анықтады: уақыт тапшылығы, кәсіби даярлықтың біркелкі еместігі және ресурстардың шектеулілігі. Осылардың негізінде мектепке дейінгі педагогика саласында педагогтардың кәсіби өсуін нығайтуға арналған ұсыныстар бердік.

Мұнда ұсынылған талдау және педагогикалық бақылау арқылы анықталған практикадағы қиындықтар мен тиімді шарттар педагогтарға, әдіскерлерге және осы жалғасып жатқан жұмысқа қатысатын зерттеушілер мен сарапшыларға пайдалы болады және болашақтағы кәсіби даму бастамасына айналады, саладағы сапалы эмпи-рикалық зерттеулерді жүйелі жобалауды жалғастыруға негіз болады деп үміттенеміз.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Адамова М., Tezel F., Ишпекбаев Ж. . 2026. ОЙЫННЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 400–411. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.036.