Мақала бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамыту мәселесіне бағытталған, оның негізгі құралы болып сыни ойлау технологиясы таңдалған. Зерттеу ақпараттық қоғамдағы көкейтесті тақырыпты қозғайды, себебі жас ұрпақ қоғам талаптарына сай, бесекеге қабілетті, оқу мазмұны бойынша күтілетін нәтижелерге қол жеткізген, әлеуметтік ортада коммуникацияға түсе білетін тұлға болуы шарт. Осы тұста ақпаратпен жұмыс жасау, ақпаратты сыни талдау, бағалау, өңдеу, қолдану дағдыларын қамтитын медиасауаттылықты дамытудың маңыз-дылығы айқындалады. Зерттеуде тақырыпқа байланысты отандық және шетелдік зерттеушілердің теориялық еңбектеріне шолу жасалып, «медиа», «медиасауаттылық», «сыни ойлау» ұғымдарына берілген түсініктер жинақ-талған. Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығының компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері, дең-гейлері белгіленіп, диагностикалауды жүзеге асыру үшін анықтаушы және қалыптастырушы кезеңдерден тұратын эксперименттік жұмыстың жүру барысы мен одан алынған сандық мәліметтер көрсетілген. Зерттеуде алынған медиасауаттылықтың дамуы бойынша бастапқы көрсеткіштердің орта деңгейде болуы себепті қалыптастырушы эксперименттік кезеңнің жоспары құрылып, үлгісі ұсынылған. Ол бастауыш сынып оқушыларының медиасауат-тылығын дамытуды ұйымдастыру формаларынан, жұмыс түрлерінен және қолданылатын құралдардан тұрады. Жұмыс формалары сабақ, "Virtual MediaClub" үйірмесі және сыныпішілік медиаапта болып белгіленген. Зерттеу теориялық мәліметтердің тәжірибемен тексерілуі тұрғысынан практикалық мәні бар жұмыс болып табылады.
СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Кожаханова Л., Баймуханбетов Б., . 2026. СЫНИ ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИАСАУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫ ДИАГНОСТИКАЛАУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 422–434. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.038.
