Мақалада автор дене шынықтыру педагогтарының бағалау қызметіне даярлау мәселесі бойынша шетелдік және отандық еңбектерді зерделеген. Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында «бағалау» және «баға» ұғымдарының синоним ретінде қарастырылатынын айқындаған. Педагогтың бағалау қызметінің функцияларына, ерекшеліктеріне тоқталып, мәнін ашуға тырысқан.
Зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып, оқушыларды өзін- өзі бағалау іс- әрекетіне қосу технологиялары, кезеңдерін анықтаған (дайындық, мақсат қою, іс- әрекеттік, бақылау-бағалау, рефлексивті және жобалау кезеңдері). Мұғалімнің бағалау қызметін табысты жүзеге асыру үшін оған қажет дағдыларды анықтаған: бағалау пәнін анықтау; бағалау пәнін қабылдау; нақты критерийлерге бағалау пәнін сәйкестендіре білу; бағалау формасын таңдау дағдысы және оқушыға бағаны естірту дағдысы.
Дене шынықтыру мұғалімінің бағалау қызметінің мәні: мұғалімнің оқушылардың дене дайындығын, физикалық дағдыларын, спорттық қабілеттерін және сабақтағы белсенділігін жүйелі түрде бақылау, бағалау және дамытуға бағытталған іс- әрекет деп нақтылаған. Дене шынықтыру мұғалімінің бағалау қызметінің негізгі бағыттарын айқындалған.
