Қазіргі кезде университеттердің басқару құрылымдары мен ректорлардың көшбасшылық қасиеттерін зерттеу аса өзекті мәселе. Ректорлардың көшбасшылық стильдері мен әдістері университеттің дамуына, білім беру сапасына және студенттердің академиялық жетістіктеріне тікелей ықпал ететіні белгілі. Осыған байланысты мақалада пәрменді ректорға тән қасиеттер анықталып, олар жан-жақты талданады. Сондай-ақ мақалада 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген институциялық автономияның салдары зерттеледі. Қазақстан Үкіметі қабылдаған заң негізінде университеттер өз стратегияларын әзірлеуге және жергілікті жағдайларға сәйкес өзгерістер енгізуге мүмкіндік алды. Бұл өзгерістер университет басшыларының өз кампустарында ауқымды реформаларды іске асыруына жағдай туғызды. Осы орайда Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесіндегі көшбасшылық пен өзгерістерді басқарудың өзара байланысын анықтау зерттеудің негізгі мақсаты болды. Зерттеудің негізгі бағыты – университет басшыларының институциялық өзгерістерді қалай және не себепті жүзеге асыратынын түсіну және Қазақстандағы мемлекеттік университеттердің ректорларының көшбасшылық стильдерін анықтау. Зерттеу нәтижелері университеттерді басқару құрылымдарын жетілдіруге және ректорлардың кәсіби дамуына жол ашады. Зерттеу әдістемесі ретінде сапалық зерттеудің сұхбат әдісі қолданылды. Директорлар кеңесінің алты мүшесінен сұхбат алынып, олардың пікірі талданды. Бирнбаумның (1992) Президенттік көшбасшылық тұжырымдамасы негізінде көшбасшылықтың инструменталдық және интерпретативті түрлері талқыланды.
ПӘРМЕНДІ РЕКТОРҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Жарияланған July 2025
58
70
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Сагинтаева А., . 2025. ПӘРМЕНДІ РЕКТОРҒА ТӘН ҚАСИЕТТЕР: ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 5–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.001.
