Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ХОРЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТТЕРІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланған December 2025

2

5

Қазақ ұлттық хореография академия
Аңдатпа

Жоғары оқу орындарында хореографтарды кәсіби шеберлікке дайындау процесі олардың мақсат-міндеттерін маманның соңғы үлгісінде көрсетілген мақсат арқылы анықтауды көздейді. Хореографиялық білім беру мекемелеріндегі оқу үдерісінің міндеттерін жүзеге асыру кадрларды даярлаудың дидактикалық-теориялық негіздерін және оның түпкі мақсаты – жүйелі тәсілге негізделген студенттердің кәсіби шеберлігін қалыптастыру қажеттілігін айқындады. Осылайша, зерттеуде педагог-хореографтардың қалыптасуы және олардың кәсіби қызметке дайындығы тұрғысынан дидактиканың жалпы заңдылықтары мен оның категорияларын қолдану ерекшеліктері қарастырылады.

Жоғары оқу орындарында студент-хореографтардың негізгі қызмет түрлеріне мыналар жатады: оқу, шығармашылық, тәрбиелік үдерістер, ұйымдастырушылық және бос уақытты өткізу бойынша дағдылар, зерттеу қызметі, шығармашылық және өзіндік жұмыстар, сондай-ақ кәсіби тәжірибе түрлері. Білім беру процесінің құрылымдық және мазмұндық талдауы, сапа менеджменті қағидаттары мен жаңа буын хореограф-мамандарына қойылатын талаптар, сондай-ақ ұлттық және халықаралық форматтағы арнайы аудиттерге қатысу дәстүрлі шығармашылық жоғары оқу орындарының ішкі ортасына және профильді жоғары оқу орындарындағы білім беру мен кадрларды даярлаудың заманауи сапа басқару жүйесіне салыстырмалы диагностика жасауға мүмкіндік берді. Сондықтан, білім беру мазмұнына игерілуге тиісті біліммен қатар, осы білімдер, іскерліктер мен дағдылар енетін қызмет түрлерінің жүйесін енгізу Қазақстанның жоғары оқу орындарында хореографтарды кәсіби тұрғыда жоғары деңгейде даярлауды қамтамасыз етеді.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Кульбекова А.К., Ізім Т.О., Бакирова С.А., Кайыр Ж.У., . 2025. ХОРЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТТЕРІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ БІЛІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 88, 4 (Груд 2025), 213–227. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.88.4.019.