Бұл мақалада Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістеріне оңтайлы және жедел жауап бере алатын кәсіби ұтқырлық қасиеттері дамыған мамандардың қажет екендігі қарастырылған. Осыған байланысты, кәсіби ұтқырлық ұғымының ғылыми негіздерін теориялық тұрғыдан зерттеп болашақ мамандарды дайындауда теориялық білімдер мен тәжірибе арасында байланыстардың жоқтығы қазіргі кезеңде шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екендігіне назар аударылады. Авторлар жүйелік тәсіл арқылы «ұтқырлық», «кәсіби ұтқырлық» ұғымының тарихына және оның негізгі сапалары туралы әр түрлі ғалымдар саласындағы ойларға контекстік талдаулар жасап, ғылыми тұжырымдар береді. Сонымен қатар, кәсіби ұтқырлықтың қалыптасуы мен дамуын үш кезеңге бөліп даму бағыттарын көрсетеді.
Зерттеу мәселесінің алғашқы кезеңінде кәсіби ұтқырлық ұғымына ретроспективті талдау барысында қоғамдағы белгілі топтар мен жеке адамдардың әлеуметтік мәселелерінің негізгі көрсеткіштері екендігін анықтайды. Ал кеңестік кезеңде кәсіби ұтқырлық ұғымы қоғамның дамытушы күші болды, болашақ мамандарды жоғарғы білім беру мекемелерінде дайындаудың әр түрлі бағыттары әзірленіп, олардың бойында кәсіби сапаларды дамытудың талаптары ашып қарастырылды.
Зерттеу барысында қазіргі жаңа білім беру парадигмасын негізге ала отырып, кәсіби ұтқырлық сапаларға ие мамандар дайындау үшін, оның тарихи даму перспективасына рефлексивті түрде талдау жасалды.
Мақалада жүргізілген талдау нәтижесін педагогикалық қоғамға пайдалы болуы үшін кәсіби ұтқырлықтың мазмұнындағы өзгерістер мен дамуды кесте арқылы көрсетіледі.