Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Жарияланған July 2025

35

32

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университет
Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау процесінде эмоционалды интеллекттің (ЭИ) маңыздылығы талданады. Теориялық талдаулар арқылы эмоционалды интеллектті мұғалімнің кәсіби табыстылығының маңызды факторларының бірі ретінде қарастырылады. «Эмоционалды интеллект», «эмоциналды мәдениет» ұғымдарының мәні нақтыланады. Эмоционалды интеллекттің құрамдастары ретінде қарым-қатынас, қабілеттілік, көшбасышылық, өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, мотивация, эмпатия, әлеуметтік дағдылар қарастырылады және олардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға негіз болатындығы талданады. Зерттеу барысында мұғалімнің эмоцияларды басқару қабілетінің оқушылармен сенімді қарым-қатынас орнатуға, олардың мотивациясын арттыруға және жағымды оқу ортасын құруға ықпалы түсіндіріледі. Эмоционалды интеллекттің компоненттері – өзіңіздің және басқалардың эмоцияларын анықтай білу, олардың арасындағы айырма-шылықтарды табу; нақты мәселелерді шешу үшін эмоциялардың барлық әлеуетін қолдана білу; әрбір эмоцияны білу және оның қалай пайда болатынын түсіну қабілеті; эмоцияларыңызды басқара білу деп көрсетіледі.

Эмпирикалық бөлімдегі зерттеу барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері арасында эмоционалды интеллекттің деңгейін бағалау үшін сауалнамалар мен диагностикалық сұрақтар қолданылды. Нәтижелер болашақ мұғалімдер арасында ЭИ деңгейінің орташа және төмен екендігін көрсетті, бұл олардың эмоционалды дамуын қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Байболова Д., . 2025. ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 384–395. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.035.