Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ӘЛЕУМЕТТІК ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

Жарияланған April 2025

0

0

Азаматтық авиация академиясы
Аңдатпа

Мақалада болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасының функционалдық сипаттамаларын беруде толерантты қарым-қатынастың мәні, маңызды қасиеттері, оның жиынтығы және өзегі талданады. Әлеуметтік еріктілік қызметтер болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру құралы ретінде болашақ мамандардың жасампаз, өмірлік және кәсіби құндылықтары мен рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттесу жиынтығы мен біртұтас білім түсінігінде сипатталады. Әлемдік зерттеулеге сүйене отырып, еріктіліктің үш түрі еріктілер-менеджерлер, еріктілердің көмекшілері, еріктілер - тікелей көмек ретінде баяндалады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасы – бұл білім беру үдерісінің субъектілерінің өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ететін шығармашылық (өмірлік және кәсіби құндылықтар мен болашақ мамандардың рухани-адамгершілік қасиеттеріне, адамгершілікке, ашықтыққа, төзімділікке негізделген әр түрлі қызмет түрлерінде білім беру үдерісіне қатысушылармен өзара әрекеттесу траекториясы» деп нақтыланады. Болашақ мамандардың толерантты қарым-қатынасын қалыптастырудың компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері баяндалады.
Эмпирикалық бөлімдегі диагностикалау жұмыстары бойынша 119 респондентке үш деңгейлі сауалнама жүргізіліп, сауалнамадағы әр сұрақ деңгейлерге қарай бөлініп, 4 жауапты мазмұны беріледі. «Еріктілік қызметтер мен толерантты қарым-қатынасқа байланысты» 3 деңгейлі сауалнаманың (жауап нұсқаларымен) сандық нәтижелері көрсетіледі.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Турарова А.Н, Суранчиева Н.Р., Батырбаева М.А., Махамбетжанова А.Т., Еримова А.Ж., . 2025. ӘЛЕУМЕТТІК ЕРІКТІЛІК ҚЫЗМЕТТЕР – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ТОЛЕРАНТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 187–201. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.018.