Бұл мақалада орта мектеп оқушыларының футбол ойнау дағдыларын қалыптастырудағы «дағды», «футбол ойнау» негізгі категорияларды философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан талданады. Оқушылардың футбол дағдыларын қалыптастырудағы қазіргі тенденцияларына сай теориялық, ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы отандық және әлемдік зерттеулер сипатталады, Олардың негізгі сипаттамаларын ескере отырып, орта мектеп оқушыларын тәрбиелеудегі білім сапасын арттыруға негіз болатын әдістемелерін анықтау жұмыстары ұсынылады. Мақалада футболшыларды дайындаудағы заманауи талаптарды тереңірек түсінуге және футбол ойнау дағдыларын тиімді дамыту үшін ғылыми-әдістемелік ұсынымдар беріледі. «Футбол» электронды журналының мазмұны, үлгісі талданады. Футбол ойнау дағдыларын қалыптастыру барысында осы бағыттағы қазіргі зерттеулер мен жарияланымдарды көрсететін қазақстандық авторлардың әдістемелік еңбектері қарастырылады.
Эмпирикалық талдауларда «Оқушымен сұхбат нәтижелері: футбол дағдыларын үйренудегі мотивация, тәжірибе және күту» бойынша зерттеу нәтижелері талданады. Сұхбат бойынша оқушылардың футбол дағдыларын үйрену контекстіндегі олардың мотивациясына, тәжірибесіне және күтулеріне қатысты бірқатар маңызды сұрақтарға жауаптары жинақталып өңделіп беріледі. Жүргізілген әдістердің жалпы түйіні психологиялық-педагогикалық аспектілер футбол дағдыларын дамытуда маңызды екені анықталады және оұушылардың көшбасшылық қасиеттерін, командалық жұмысты және эмоционалды тұрақтылықты дамытуды көздейтіні анықталып, оның нәтижелері кесте және гистограммаларда көрсетіледі. Сондай-ақ, футбол ойынының жаттықтырушылары және мұғалімдерімен сұхбат жүргізіліп, оның нәтижелері беріледі.
