Мақалада студенттерді педагогикалық импровизацияға қатынастыру педагогикалық ЖОО оқытудың барлық мерзімі уақытында олардың психологиялық – педагогикалық, жалпы мәдени және пәндік білім, педагогикалық импровизацияның теориялық негіз білімінің қатаң жүйесін біртіндеп меңгеру жолымен жүзеге асатындығы мен педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері кезеңінде өзіндік импровизациондық әрекеттерінде студенттерді үнемі енгізіп отыру қажеттігі айтылады. Болашақ мамандарды даярлауда педагогикалық импровизация үдерісін ұйымдастыру қағидалары ретінде шығармашылықпен жұмыс қағидасы; өзіндік әрекетті ұйымдастыру қағидасы, сәйкестік қағидасы, студенттерді жиі және үздіксіз қатынастыру қағидасы; өзара байланыс қағидасы түсіндіріледі. Теориялық талдаулар барысында «импровизация», «педагогикалық импровизация», «педагогикалық импровизациялық қабілет» ұғымдарының мәні сипатталып, мазмұны нақтыланды.
Болашақ мамандардың педагогикалық импровизациялық қабілеттерін қалыптастырудағы эмпирикалық зерттеулердің мазмұны беріледі. Экспериментік-тәжірибе жұмысы болашақ педагогтерді дайындауда педагогикалық импровизацияны қалыптастыру екі кезеңді қамтыды. Біріншісі – қалыптастыру экспериментінің лабораториялық кезеңі. Бұл кезеңде педагогикалық импровизацияға студенттер қатынасын анықтау; педагогикалық импровизация, педагогикалық интуиция, шығармашылық әрекеттер еркіндігі жайлы студенттер білімін анықтау, яғни студентердің педагогикалық импровизацияға бастапқы дайындық деңгейлерін диагностикалау болса, ал екніші кезең – қалыптастыру кезеңі деп қарастырылды. Қалыптастыру кезеңінде студенттердің педагогикалық импровизацияның теориялық негіздері бойынша білімдерін кеңейту; студенттерді импровизациялық іскерлігі барысында сан алуан тапсырмаларды орындауда іскерлік танытып және бекіту; болашақ педагогтерде тұлға сапасын дамыту жұмыстары жүргізіліп, «Педагогикалық импровизация» атты элективті курс бағдарламасының мазмұны талданады.
