Қазіргі мектептегі музыка пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің басты бағыттарының бірі эстрадалық-вокалдық орындаушылық маңызды орын алуға байланысты болашақ музыка мұғалімдерін даярлау барысында назарға алу ұсынылады. Осы қызметті сәтті түрде жүзеге асыру үшін оның ерекшеліктерін ескеретін білім мен дағдылар кешенін білу қажет. Осы тұста, вокалдық орындаудың жанрлық-стильдік шынайылығы, презентацияның, интерпретацияның және сахналық драматургияның әртістік қабілеті қалыптасқан эстрадалық-вокалдық орындаушылық құзыреттілікті (ЭВОҚ) талап етеді. Зерттеу барысында ЭВОҚ-тің компоненттік құрылымын модельдеуге негіз болған нақты мақсат тұжырымдалды. Зерттеу барысында TEL (technology-Enhanced Learning [технологияларды пайдалана отырып оқыту]) әдістемесі қолданылып, оған құзыреттіліктің конструкцияларын зерттеу үдерісінде бірнеше проекцияларда пәнаралық контексте жеке, когнитивтік, аффек-тивтік, сондай-ақ әлеуметтік өзара іс-қимыл проекциясында жүргізуді көздеп, эмоционалды-мотивациялық, когнитивті-гносеологиялық, эмпатикалық-коммуникативті және ассертивті-өзін-өзі реттеу компоненттерін қамтитын төрт компоненттен тұратын модельдің қалыптасуына ықпал етті. Алынған құрылымды талдау зерттеудің гипотезасын растайды, яғни ЭВОҚ компоненттері функционалды түрде өзара байланысты және эмоционалды аспектілер барлық компоненттік құрылымға еніп, қатысады. Мақалада әр компоненттің негіз-делген критерийлерге сәйкестігін мақсатты бағалау арқылы алынған нәтижелерді эмпирикалық тексеруден тұратын қосымша зерттеулердің әлеуеті анықталған.
БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭСТРАДАЛЫҚ-ВОКАЛДЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТІК МОДЕЛІ
Жарияланған July 2025
32
31
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
құзыреттілік
компоненттік модель
болашақ музыка мұғалімдері
ассертивтілік
эстрадалық-вокалдық орындаушылық
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Bolatkhan N., Balagazova S.,Kosherbayev Zh., . 2025. БОЛАШАҚ МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ЭСТРАДАЛЫҚ-ВОКАЛДЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ КОМПОНЕНТТІК МОДЕЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 86, 2 (Лип 2025), 224–233. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.86.2.020.
