Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Жарияланған April 2025

164

33

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруде бастауыш білім педагогтерінің әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың жолдары қарастырылған. Озық отандық және шетелдік ғалымдардың педагогтің әдіснамалық мәдениеті туралы пікірлерін басшылыққа ала отырып, «әдіснамалық мәдениет», «педагогикалық мәдениет» ұғымына және оның негізгі құрамалары туралы әр түрлі ғылымдар саласындағы ойларға контекстік талдаулар жасап, өзіндік тұжырымдар береді. Магистранттардың әдіснамалық мәдениеті ұғымының ғылыми негіздері зерделеніп болашақ мамандарды дайындауда теориялық білімдер мен тәжірибе арасында байланыстардың жеткіліксіздігі және одан да басқа қазіргі кезеңде шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бар екендігіне назар аударылады. Ғылыми зерттеу жұмысымыз бойынша жасалған сауалнамамыздың барысы мен нәтижесі анықталып, диаграмма түрінде көрсетілді. Болашақ бастауыш білім педагогтарының әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру ортасы және олардың ЖОО-да кәсіби даярлығының сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысы екендігі баяндалған. Қойылған мәселенің шешімін табу мақсатында қорытынды бөлімінде бірнеше ұсыныстар келтірдік.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Алимова К.Ш., Нуржанова С.А., Сманова А.А., . 2025. ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ БАСТАУЫШ БІЛІМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 167–176. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.016.