Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ХИМИЯ КУРСЫНАН ПӘН МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Жарияланған April 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақалада оқытушылардың дәстүрлі формадан бөлек цифрлық оқытуды пайдалана отырып білім көрсеткішін арттыру мүмкіндігі қаншалықты екені жайлы түсінік ашып көрсетілді. Атап айтқанда химия пәнін оқытуда, тәжірибелік жұмыстар жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі қандай екеніне зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмысында шетелдік және отандық мақалалар мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жасалады. Алматы қаласының №1 мектеп-гимназиясының 44 мұғалімінен қағазбен жұмысты цифрлық оқытумен алмастырудың жолдары мен мүмкіндіктерін анықтауға арналған сауалнама жүргізілді. Сауалнама бірнеше бөлімді қамтыды: барлық пән оқытушыларына арналған және химия пәні оқытушыларына арналған. Бұл білім беруде цифрлық технологияларды пайдаланудың пәнаралық байланысын және айырмашылығын анықтау үшін қажет болды.

Сонымен қатар мақалада цифрлық оқыту және цифрлық құзыреттілік ұғымдарына түсініктемелер берілген. Химия пәнін қазақ тілінде цифрландыра оқытудың мәртебесін арттыру арқылы білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, білім деңгейін оқытудың жаңа тұстарымен қызықтыра отырып арттыру жоспарлануда. Қазіргі білім алушылар жаңаша ойлау қабілеттері дамыған жаңа заманның жастары. Оларға білім беруде оқытушылардан жаңашылдық пен  ізденімпаздық талап етіледі. Сондықтан мақалада зерттеу жұмысы білім алушылардың білім көрсеткішін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мыңжасар А.К., Жаксибаева Ж.М., Бакибаев А.А., . 2025. ХИМИЯ КУРСЫНАН ПӘН МАЗМҰНЫН ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЦИФРЛАНДЫРА ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 103–114. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.011.