Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МЕДИА БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИА САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған April 2025

5

2

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогиқалық университет
Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын қалыптастыру қажеттілігі қарастырылады. Бұл олардың ақпараттық қоғамдағы практикалық міндеттерді шешуіне, ақпаратты әртүрлі формада пайдалануына, сондай-ақ медиакеңістікте интерактивті әдістер арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік береді.

Мақаланың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын әзірлеу және эксперименттік тексеру.

Зерттеуде әртүрлі әдістерді талдау негізінде авторлар бұл құбылыстың іс жүзінде аз зерттелгенін анықтады, ал педагогика саласында ол тек ғылыми проблема ретінде қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Авторлар «медиасауаттылық» ұғымына анықтама береді. Сонымен қатар, педагогикалық шарттардың анықтамасы ұсынылып, оларды медиасауаттылықтың барлық компоненттеріне қалыптастырушы әсер ету тұрғысынан пайдалануды ұсынады.

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын өлшеу жүйесі көрсетілген, ұсынылған педагогикалық шарттарды қолдану бойынша эксперименттік зерттеу нәтижелері сипатталған. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында медиасауаттылық оқушы тұлғасының маңызды сапалық компоненті екенін ескерудің маңыздылығы атап өтіледі. Оны бастауыш білім беру жүйесінде қалыптастыру үшін ұсынылған педагогикалық шарттар кешенін тиімді пайдалану қажеттілігі туралы қорытынды жасалады.

Зерттеу нәтижелері бастауыш сынып мұғалімдеріне, сондай-ақ медиасауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру бағдарламалары мен ресурстарын әзірлеушілерге пайдалы болуы мүмкін. Мақалада ұсынылған мүмкіндіктер бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылық дағдыларын сәтті қалыптастыруға ықпал ететін тиімді оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу негізі бола алады.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Смаилова Д.Е., Хан Н.Н., Каратаева Т.О., Аспанова Г.Р., . 2025. МЕДИА БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕДИА САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 331–344. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.031.