Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ЖОБАЛАУ ӘЛЕУЕТІ

Жарияланған April 2025

0

0

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер білім беру басымдықтарын қайта қарауды талап етеді, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәсілдерін іздеуді қажет етеді. Осы үдерісте маңызды рөл атқаратын заттық-дамытушы орта материалдық және әлеуметтік-мәдени жағдайлардың жиынтығы ретінде қарастырылады, ол баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, танымдық белсенділігін арттыруға және балабақшада қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді. 

Мектепке дейінгі білім берудің басты міндеттерінің бірі – болашақ педагогтердің дамытушы ортаны жобалау дағдыларын қалыптастыру. Бұл үдеріс тек ұйымдастырушылық мәселе ғана емес, сонымен қатар педагогикалық шығармашылық тапсырмаларды шешу арқылы болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. 

Зерттеу барысында заттық-дамытушы ортаны жобалаудың негізгі аспектілері қарастырылып, ғылыми әдебиеттерге талдау жасалды, болашақ тәрбиешілердің кәсіби қалыптасуына әсер ететін педагогикалық шарттар анықталды және дамытушы білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді әдістері айқындалды. 

Зерттеудің мақсаты – болашақ тәрбиешілердің кәсіби қалыптасуын заттық-дамытушы ортаны жобалау арқылы теориялық негіздеу және оның моделін жасау. Зерттеу нәтижесінде мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің тұлғалық-кәсіби дамуы ортаға негізделген, тұлғаға бағытталған және іс-әрекеттік тәсілдер арқылы тиімді жүзеге асырылатыны дәлелденді. Сонымен қатар, дамытушы ортаның құрылымдық мазмұны нақтыланып, оны қалыптастырудың негізгі қағидалары мен әдістері анықталды, бұл болашақ педагогтерді даярлаудағы маңыздылығын көрсетеді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Каримова Р.Е., Алимбекова А.А., . 2025. БОЛАШАҚ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ ЗАТТЫҚ ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ЖОБАЛАУ ӘЛЕУЕТІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 85, 1 (Квіт 2025), 176–187. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2025.85.1.017.