Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту

Уважаемые пользователи! На нашем хостинге ведутся технические работы, на сайте могут быть ошибки. Приносим свои извинения за временные неудобства.

Абай атындағы ҚазҰПУ, Хабаршы, «Педагогикалық ғылымдары» сериясы

Пікір берушілерге арналған нұскаулық

  1. Рецензия – Абай атындағы «ҚазҰПУнің Хабаршы/Вестник, Педагогикалық ғылымдар сериясы» ғылыми журналына жариялауға ұсынылған ғылыми мақаланың талдануы. Рецензия – қарастырылатын мақаланың тақырыбы аясындағы мамандардың дербес жазбаша ғылыми жұмысы.
  2. Түрлі пікірлер редакцияға зерттеу жұмысын жариялау туралы шешім қабылдауға ықпал етсе, редакциямен байланысы арқылы автордың жұмысын жетілдіруге көмектеседі.
  3. Рецензент ғылыми жарияланымдардың этикалық кодексін басшылыққа алуы керек: құпиялық, объективтік, бейтараптық, айқындық және өз пікірін дәлелді білдіру, бастапқы дереккөздерді тану ұстанымдарын сақтау, өзара рецензияға жол бермеу. Рецензенттерге жіберілген қолжазбалар авторлардың жеке меншігі екендігі және жариялауға болмайтын мәліметтер туралы хабардар етіледі (мақала жариялағанға дейін оны жариялау үшін автордың жазбаша келісімі қажет).
  4. Рецензияланған жұмыстың авторы қалаған жағдайда пікірдің мәтінімен танысу мүмкіндігі беріледі. Рецензия қолжазба авторына рецензеттің аты–жөні, қызметі, жұмыс орны, қойылған қолы көрсетілмеген түрде ұсынылады.
  5. Рецензиялауға журналдың барлық талаптарына сәйкес келетін және түпнұсқа мәтіні кемінде 70% бар мақалалар жіберіледі.
  6. Рецензия мерзімі – 2 апта. Тек кейбір жағдайларда орындаушының келісімімен.
  7. «Абай атындағы ҚазҰПУ нің Хабаршы/Вестник, Педагогика ғылымдары сериясы» ғылыми журналының редакциялық алқасы ғылыми мақаланы рецензиялау құрылымы туралы ұсыныстар әзірледі.
  8. Мақаланы шолуда оны түзету қажет деген қорытынды болса мақала авторға пысықтауға жіберіледі. Егер мақаланы шолуда оны түзету және қайта қарау туралы ұсыныстар болса, жауапты хатшы рецензия мәтінін мақаланың жаңа нұсқасын дайындау кезінде ескеру немесе (жартылай немесе толық) жоққа шығару туралы ұсыныспен авторға жібереді.
  9. Автор өңдеген (қайта өңдеген) мақала рецензиялауға қайта жіберіліп жалпы тәртіпте қаралады.
  10. Рецензент жариялауға ұсынбаған мақала қайта қарауға қабылданбайды.
  11. Рецензеттің пікірімен келіспеген жағдайда, мақала авторы, тиісті дәлелдер келтіре отырып, өзінің қолжазбасын қарау үшін, басқа рецензентке жіберу туралы өтінішпен редакцияға жүгінуге құқылы.
  12. Жағымды рецензия мақаланы жариялауға жеткілікті негіз бола алмайды. Мақаланы жариялау туралы соңғы шешімді журналдың редакциясы қабылдайды.

Рецензияның ұсынылатын құрылымы

  1. Мақаланың толық аталуы, автордың/авторлардың Т.А.Ж.
  2. Мақалада берілген материалдың мазмұны журналдың ғылыми-тақырыптық бағытына сәйкестігі.
  3. Материалды ұсыну деңгейі (мақала атауының оның мазмұнымен сәйкестігі, мақаланың мазмұнына аңдатпаның сәйкестігі, мақала көлемінің оның мазмұнына сәйкестігі, аңдаптаның және түйін сөздер/сөз тіркестері, логика, берілген материалдың өзара байланысы және сапасы болуы және оның ақпараттығы).
  4. Материалдың ғылыми деңгейі: өзектілігі, ғылыми жаңалығы, теориялық/практикалық маңызы, ғылыми-теориялық ойдың заманауи жетістіктеріне сәйкестігі, мәселенің қысқаша сипаттамасы, автор мақалада ашқан маңызды аспектілері, бұрынғы әдебиеттерді ескере отырып тілдік, стильдік, материалдың орналасуы, көренкті құралдар, кестелер, сызбалар, суреттер мен формулалар тұрғысынан қолжетімділігін бағалау. Мақаланың жағымды тұстары, сондай-ақ кемшіліктері, тұжырымдалуы және қорытынларды дәлелдеу, дереккөздерді таңдау.

Жоғарыда айтылған бойынша (100 баллмен бағалау):

 

Өте төмен

(0-20 балл)

Төмен

(21-40 балл)

Орташа

(41-60 балл)

Жоғары

(61-80 балл)

Өте жоғары

(81-100 балл)

а) Зерттеу мәселесінің өзектілік деңгейі

 

 

 

 

 

b) Алынған нәтижелердің деңгейі – ғылымға қосқан үлесі

 

 

 

 

 

с) Мақаланың оқылуы, мамандық иесі емес тұлғаның мақаланы оқуы

 

 

 

 

 

  1. Рецензияның қорытынды бөлігінде қолжазбаны ұсынылған түрінде жариялау немесе оны жетілдіру және қайта қарастыру қажеттілігі туралы нақты ұсыныстар келесі тұжырымдарда беріледі:
  • қолжазбаны жариялауға ұсыну;
  • кішігірім өзгерістер енгізіп, қайта қарауға жібермей қолжазбаны жариялауға ұсыну;
  • рецензенттің ескертулерін жойып, қайта рецензиялауға жібергеннен кейін қолжазбаны қарастыруды ұсыну;
  • қолжазбаны жариялауға тыйым салу.

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, қызметі,

жұмыс орны, рецензеттің Т.А.Ж., мөр, қолы.