Көшіріп алу және плагиат
Барлық мақалалар Антиплагиат (Лицензия) жүйесінде тексеріліп, 75 % өзіндік ерекшелігін көрсеткен жағдайда ғана қабылданады.
Жасанды интеллектті пайдалану ережелері
Ғылыми мақаланы жазу барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын қолданудың рұқсат етілген шекті үлесі 10 %-дан аспауға тиіс. ЖИ қолдану деңгейі 11–15% аралығында болған жағдайда мақала авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Ал ЖИ үлесі 16%-дан жоғары болса, мақала қарастырылмайды және қабылданбайды.
ЖИ құралдарын келесі жағдайларда пайдалануға рұқсат етіледі: деректерді өңдеу және талдау; ғылыми ақпаратты іздеу, іріктеу және жүйелеу; ғылыми мазмұнның мағынасын өзгертпей мәтінді редакциялау; кестелер, диаграммалар және өзге де визуалдық материалдар дайындау; мақаланы техникалық форматтау.
ЖИ құралдарын келесі мақсаттарда қолдануға тыйым салынады: негізгі ғылыми идеяны, гипотезаны және қорытындыларды жазу; авторлық талдау мен зерттеу нәтижелерін алмастыру; мақаланың бөлімдеріндегі мәтіндерді автоматты түрде генерациялау.
