Қазіргі заман – химияның өмірдің барлық саласы мен білім берудің барлық дерлік деңгейіне енгізіліп, күрделі таным нысанына айналған заманы. Диплом алған жоғары білікті химия маманының кез келгені осы пәннің теориясы мен тәжірибесін бірдей ұштастырып, биік дәрежеде оқытып жүр деп айту қиын. Оған себеп пәннің күрделілігі ғана емес, химиялық процестер табиғатын терең танытуға уақыттың шектеулі бөлінуі.
Химиядан білім беру процесін гуманизациялау арқылы өмірдің құндылығын ерекше бағалау, оны сақтау мен әр адамның денсаулығын қорғау туралы құнды білім беру бағыты ұсталынады. Химиялық білім берудегі басым бағыт ретінде гуманизациялай оқытуды қарастыра отырып, бұл мәселенің тұжырымдамалық бастау көздері мен шешім тетіктерін анықтап алу арқылы ғана осы мақсатқа арналған әдістеменің сапасын нәтижелі етуге болады. Авторлар жоғары білім беру жүйесі мен орта білім беру саласында химия пәнін өмірмен жақындастыра, байланыстыра оқыту әдістемесінің тиімді нәтижеге жеткізуі үшін химияны гуманизациялай оқытудың теориялық негіздерін анықтап, ұсынамыз.