Аңдатпа
Қазіргі заманғы білім беруді жаңғырту процесін оқу орындарында болашақ мамандарды шығармашылық дамыту үшін жағдайларды іздеу және қамтамасыз ету жүйесі сияқты компонентсіз елестету қиын. Студентттер арасынан болашақ ғылыми-шығармашыл элитаны қалыптастыру - маңызды әлеуметтік-экономикалық міндет және елді үдемелі дамытудың шарты. Бұл үшін ғылым мен техника саласындағы дарынды жастарды іздеу, дамыту және қолдаудың тиімді ұлттық жүйесін құру қажет. Ғылыми-техникалық қызметтің аймақтық инфрақұрылымында дарынды жастарды шоғырландыруға ықпал ететін ғылыми және шығармашылық қызметті ұйымдастырудың осындай жүйелерін дамытуды мақсат етіп қойған елдерде жүзеге асырылатын жобалар жемісті деп танылуы керек.
Мақалада студенттердің ғылыми құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мәселелері қарастырылады. Оқу процесінде зерттеу дағдыларының маңыздылығы атап өтіледі. Мақалада студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің олардың кәсіби қалыптасу факторы ретіндегі маңызы өзектендіріледі. Татарстан Республикасы мен Қазан қаласының мысалында университеттердегі студенттердің ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қазіргі жағдайы талданады. Қазіргі жағдайда студент жастардың ғылыми-зерттеу белсенділігін дамытудың үрдістері, нысандары мен әдістері қарастырылуда.