Бұл мақала болашақ педагог-психологтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселесіне
арналған. Қазіргі қоғам жағдайында құзыретті педагог-психолог маманын дайындау мәселесі өзекті
болып табылады. Педагог-психолог іс-әрекетінің табыстылығы, ең алдымен, оның жеке тұлғасының
жоғары даму деңгейіне, қиын жағдайларда тиісті әрекет ету арқылы айналасындағыларға
жанашырлықпен қарай білу қабілетіне байланысты. Мақалада сонымен қатар ғалым В.И.Долгованың
пікірі келтіріледі, ол эмоциялық тұрақтылықты педагог-психологтың негізгі құзыреттілігі ретінде
қарастырады, өйткені бұл құзыреттілік болашақ педагог-психологтың кәсіби іс-әрекетінің барлық
бағыттарында орын алады және олардың кәсіби құзыреттілігін дамытудың маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады. Сондай-ақ, педагог-психологтың мамандығы үнемі болатын психоэмоционалдық
артық жүктемемен, эмоциялық шиеленіспен, эмоционалдық тозумен сүйемелденеді. Ол үшін
педагог-психолог өзінің эмоционалдық жағдайын реттеп отыруы қажет және психологиялықпедагогикалық бағыттағы кәсіби іс-әрекетке деген ынтасы мен қызығушылығының болуы тиіс.
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланған March 2020
103
155
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілтті сөздер
кәсіби құзыреттілік, педагог-психолог, болашақ маман, эмоционалдық тозу, тұлға, кәсіби қарым-қатынас.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Есімғалиева Т. М., . 2020. БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 65, 1 (Бер 2020), 151–155. DOI:https://doi.org/10.51889/2020-1.1728-5496.27.