Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ РӨЛІ

Жарияланған December 2021

304

272

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Аңдатпа

Мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудағы жаттығудың рөлі мен маңызына арналған. Жаттығу дегеніміз білімді игеру, білік пен әрекет тәсілдерін қалыптастыру мақсатында қайта-қайта орындалатын әрекет болып табылады. Бастауыш сыныптарда қарастырылатын математикалық жаттығулар жүйесі, оларды орындату кезеңдері және әр жаттығуды, атап айтсақ, есептер, мысалдар, теңдеулер сияқты жаттығуларды орындату алгоритмі беріледі. Жаттығуды оқыту, талдау, жаттығуды орындату, жаттығуды қорыту сияқты орындатудың кезеңдеріне тоқталып, әрқайсысының ерекшеліктеріне қарай оқыту әдістемесі келтіріледі. Бұған қоса, болашақ мамандардың әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған арнайы жаттығу түрлері (модельдеуші және тәжірибеге бағытталған жаттығулар) ұсынылады. Бастауыш сыныптағы «Математика» оқулықтарынан  жаттығудың түріне нақты мысалдар келтіріле отырып, оларды орындатудың алгоритмі ұсынылады. Мақалада «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша білім алып жүрген 81 студент эксперименттік-зерттеу жұмыстарына қатыстырылып, зерттеудің нәтижесі келтіріледі. 

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Астамбаева Ж.Қ., Жұмабаева Ә.Е, . 2021. БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК-МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ РӨЛІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 113–126. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.14.