Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФАКТОРЫРЕТІНДЕ

Жарияланған December 2021

250

246

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университет
Аңдатпа

Мақалада оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырудың факторы ретінде мәтінмен жұмыс істеу қарастырылады. Қазақстан оқушыларының PISA нәтижелері талданып, функционалдық сауаттылығын арттырудағы мәтінмен жұмыстың рөлін арттырудың маңыздылығы келтіріледі. Жалпы, «Сауаттылық», «Функционалды сауаттылық» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдау жасалынған. Мәтінмен жұмыс арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда келесі  бірнеше негізгі сауаттылық түрлеріне басымдылық беруіміз керектігі келтірілген.  Олар біріншіденкоммуникативтік сауаттылық, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде еркін сөйлеуді болжау; басқа біреудің ауызша және жазбаша сөзін барабар түсіну қабілеті; өз ойларын ауызша және өз бетімен жеткізу, екінші тұрғыдан ақпараттық сауаттылық – анықтамалықтар және оқулықтардан ақпараттарды іздеуге қабілетінің болуы, Интернеттен және білім беру электрондық ресурстардан, сондай-ақ әртүрлі басқа да ақпарат көздерінен ақпарат ала алу, ақпаратты өңдей білу және жүйелеуі, оны әртүрлі әдіс-тәсілдермен ұсынуы, үшінші тұрғыдан іс-әрекеттік сауаттылық – ұйымдастыру дағдылары мен қабілеттерінің көрінісі, атап айтқандакез келген іс-әрекеттің мақсатын қою және ауызша ойын тұжырымдай білуі, жоспарлауы, сонымен қатар дер кезінде оны өзгерту, осы өзгерістерді ауызша дәлелдеуі, өзін-өзі бақылауды өзіін-өзі бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру болып табылады. Аталған іс-әрекеттерді мәтінмен жұмыс істеуге негізделген эссе жазу, кейс тапсырмаларды орындау, практикалық және жобалық тапсырмаларды орындау барысында басшылыққа алу ұсынылады. Сонымен қатар, эксперимент жүргізіліп, эксперимент нәтижесінде мәтінмен жұмыс оқушылардың функционалдық құзыреттілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізетіндігі баяндалған.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Клычниязова Г.Н., . 2021. МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ФАКТОРЫРЕТІНДЕ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 214–222. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.25.