Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ

Жарияланған October 2021

194

53

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту әдістемесін цифрлық білім беру ресурстары, контенттері арқылы ұйымдастырудың мүмкін тұстары баяндалады. Теориялық талдаулар жасалып, цифрлық білім берудің ұғымдық-категориялық аппаратына «ақпараттық құзыреттілік, ақпараттық технология», «цифрлық ресурс» түсініктеріне контент-талдау ұсыны-лып отыр. Бастауыш сыныптардағы «цифрлық білім берудің» мүмкіндіктері барлық негізгі пән бойынша жалпылама сипатталады. Сонымен қатар бастауыш сыныптағы математиканы оқыту әдістемесі бойынша 4-сыныптардағы «Бөлшектерд оқыту» бөліміне дайындалған цифрлық контенттердің үлгісі беріледі. Мақаладағы зерттеу нәтижелері бөлімінде цифрлық ресурстарды дайындаудың алгоритмі беріледі. Цифрлық білім беру ресурстарын дайындау мәтін бойынша аннимациялар, мультимедиалық компоненттер (бейнеклиптер, синтездік суреттер), дыбыстық нысандардан тұратындығы түсіндіріледі. Цифрлық контентті дайындаудың сценарийі жасақта-лады. Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда цифрлық ресурстарды қолдану оқушылар-дың танымдық қабілеттерін дамытудағы артықшылықтары талданады. Білімге қолжетімділік, тұлғаға бағытталған оқыту, ақпараттық білім беру ортасын құру, жеке траекториясын таңдау мүмкіндігі, шығармашылық қызмет, мотивациялық серпіліс, демонстрациялық жағдай және т.б.артықшылықтары баяндалады.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Туралбаева А.Т., Кенжалы А.Ж. , Фейзулдаева С.А. , . 2021. ЦИФРЛЫ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Жов 2021), 208–222. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5496.21.