Мақалада «STEM» аббревиатураларының, кілттік компоненттерінің мазмұны, құрылымы түсіндіріледі. «STEM» білімнің даму тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. Ең алдымен, STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика) -1990жылы пайда болған; екінші - STREM (ғылым, технологиялар, робототехника, инженерия және математика) 2000 жылдары жүзеге асты, ал үшінші кезеңі 2016 жыл STREАM бұл, арт ғылымы, жасанды интеллект жұмыстарын жоспарлайтындығы негізге алынады. STEM төрт компонентінің интеграторы болып табылады. S – ғылым, ғылыми түсінік (science), T – технология (technology), E – инженерия (engineering), M – математика (mathematics) компоненттерінің бастауыш сынып-тарда білім беру үдерісін ұйыдастырудағы тиімділігі баяндалады. Сонымен қатар мақалада «STEM» тапсырмаларын жобалау ережелерін ұсынамыз. Олар: оқыту, күрделі мақсат қою, талдау, таңдау, өзін-өзі басқару, жеке тұлғалық сапа, траектория. «STEM» тапсырмаларын пайдалану арқылы оқушылардың өзін-өзі шығармашылықпен басқаруы басты назарға алынады.
«STEM» БІЛІМ БЕРУДІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланған October 2021
466
64
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Нишанбаева С.Х., Нишанбаева С.З. , Алимбекова Л., . 2021. «STEM» БІЛІМ БЕРУДІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 71, 3 (Жов 2021), 190–200. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-5496.19.