Қазақстанда ұзақ уақыт бойы естімейтін балаларды оқыту процессі басым түрде сөйлеу тілін дамыту негізінде жүргізіледі. Ол еріннен оқу, дыбыс айтуды қалыптастыру және қалдық есту қабілетін дамытуға негізделеді. Соның салдарын ан, салыстырмалы түрде сірек жағымды жағдайлардың болуымен қатар, бірқатар естімейтін азаматтар ұрпақтарында сауатты оқу және жазу, өз ойларын баяндауға қабілеті төмен денгейде. Сурдопедагогтар мен мұғалімдердің күш-жігеріне қарамастан, естімейтін адамдар бәрі-бір де бір-бірімен ымдау тілінде сөйлеседі және еститін тыңдаушылармен қарым-қатынас кезінде жазбаша тіл қолданады. Сонымен қатар, естімейтін адамдарды оқытудағы ымдау тілінің рөлін асыра бағалау қиын, өйткені ол естімейтін балалардың арнайы білім беру қажеттіліктеріне сәйкес келеді.
Бұл мақалада естімейтін балаларды оқытуда дәстүрлі және балама тәсілдер қарастырылады; ымдау тілінің мәртебесін реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге қысқаша шолу беріледі; естімейтін балаларды оқытуда ымдау тілін қолдану бойынша педагогтердің сауалнама мен интервью нәтижелері келтірілген.