Мақалада тұлғаның сыни ойлауын ЖОО жағдайында дамытудың әдістемесі баяндалады. «Сын», «сыни ойлау» категорияларының мәні, иерархиясы философиялық, психологиялық және педагогикалық тұрғыдан талданады. Болашақ педагогтердің сыни ойлауын дамыту деңгейлері (бастапқы деңгей, орта деңгей, жоғары деңгей) сипатталады.
Болашақ педагогтердің сыни ойлауын дамыту әдістемесінің мазмұнын ЖОО-ның 2-3 курс студенттеріне арнап «Сыни ойлау негіздері» атты элективті курс бағдарламасының үлгісі бойынша ұсынамыз. Біз мақалада ұсынып отырған элективті курс мазмұны бірнеше тақырып-тарды қамтиды. Олар: «Болашақ педагогтердің сыни ойлауын дамытуға байланысты норма-тивтік-құқықтық актілер мазмұны»; «Сыни ойлау» ұғымының философиялық генезисі; Сыни ойлауды дамытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері; Сыни ойлау түсінігінің негізгі категориялары («сын», «ойлау» және т.б.); Д.Клустердің тұжырымдамасы; Тұлғаның сыни ойлауын дамытудың әдіснамалық маңызы; Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту қағидалары; Сыни ойлау – әдістемелік базаны қалыптастыру құралы; Сыни ойлауды анықтау, арнайы диагностикалар» атты тақырыптар шеңберінде түсіндіріледі. Мақалада ұсынылып отырған әдістеме 15 сағат дәріс, 30 сағат практикалық сабақты қамти келе, ЖОО-ның студент-тері мен оқытушыларына арналып отыр.