Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

УДК 373.2 МРНТИ 14.23.09 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТЫН ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУША ОРТА АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Жарияланған December 2021

303

262

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университет
Аңдатпа

 

Мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды зиятын дамытуда заттық дамытушы ортаның әсері жөнінде жазылған. Авторлар мектепке дейінгі жастан бастап балалардың эмоционалды зиятын дамытудың маңыздылығын көрсете отырып диагностикалау әдістерін ұсынған.

Эмоционалды зият-адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіне білуі және олардың эмоциялық күйіне бейімделуі. Қазір кезде икемді дағдыларды дамыту мәселелері көтерілуде. Сондықтан балалардың эмоциялық өзіндік сана, өзін-өзі реттеу, ынталандыру, эмпатия, тиімді тұлғааралық коммуникация, сын түсіну және басқаларға көрсете білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу, басқалардың эмоциясын сезе білу, қарым-қатынасқа түсу дағдыларын дамытуға бағытталған шараларды білім берудің барлық деңгейлерінде жүзеге асыру қазіргі күннің қажеттілігі екенін көруге болады. Соңғы зерттеулерде ғалымдар EQ- эмоционалды зияты жақсы дамыған адамдардың 4 есе табысты болатындығына көз жеткізді. Көрсеткіштері: Денсаулық, Табыстылық, Байлық, Тәртіп. Батыс елдерінде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес эмоционалдық зиятты дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары әзірленіп, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

Іскер адамдар үшін эмоционалдық зият бизнесті басқарудың жаңа құралына айналуда.

«Менеджмент дағдыларын дамыту» теориясында «soft skills» – «жұмсақ» дағдылар эмоционалдық зиятпен байланысы көрсетілген. Көптеген нейропсихология мен когнитивті, әлеуметтік психология өкілдерінің зерттеулері, әлемге танымал табысты адамдардың ой-пікірлері, сондай-ақ көшбасшы кәсіпорындардың тәжірибелері эмоционалды зиятты басқара білу дағдысы табысқа жетелейтіндігін дәлелдейді.

Зерттеу барысында, біз балалардың эмоционалды зиятының компоненттерін дамыту, эмоцияларын көрсете білу және сәйкестендіру, баланың эмоционалды жағдайына және ересек адамдармен эмоционалды қарым-қатынас тәжірибесіне байланысты екендігін анықтадық.

pdf (Русский)
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Жубандыкова А.М., Амангелді Ж.А. , . 2021. УДК 373.2 МРНТИ 14.23.09 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТЫН ЗАТТЫҚ-ДАМЫТУША ОРТА АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 279–286. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.32.