Мақалада балалар тәрбиеленетін отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы әлеуметтік педагогтердің кәсіби қызметінде цифрлық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беру мен әлеуметтік саланың цифрлық трансформациясының күшеюімен, сондай-ақ отбасы жағдайындағы тәуекелдерді ерте анықтаудың тиімді тетіктерін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – әлеуметтік педагогтердің профилактикалық қызметінде цифрлық платформалардың әлеуетін талдау және оларды қолданудың ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау және жинақтау, сауалнама жүргізу, сандық және сапалық деректерді өңдеу, SWOT-талдау әдістері пайдаланылды. Эмпирикалық база ретінде Астана және Алматы қалаларындағы жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік педагогтері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері алынды. Зерттеу қорытындылары цифрлық техноло-гиялардың көбіне ата-аналармен және балалармен байланыс орнату, онлайн кеңес беру және ведомствоаралық өзара іс-қимыл мақсатында қолданылатынын көрсетті. Сонымен қатар мамандардың цифрлық құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, арнайы платформалардың тапшылығы және әдістемелік қолдаудың әлсіздігі негізгі кедергілер ретінде анықталды. Нәтижесінде әлеуметтік-педагогикалық практикаға цифрлық технологияларды жүйелі енгізу және мамандардың цифрлық даярлығын жетілдіру қажеттілігі негізделді.
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САНДЫҚ РЕСУРСТАР
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
цифрлық платформалар
әлеуметтік педагог
балалар
тұрмыстық зорлық-зомбылық
балаларды қорғау
цифрлық технологиялар
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Zhumagaliyevа А., Zhunusbekova A., Askarkyzy S. . 2026. ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ САНДЫҚ РЕСУРСТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 210–223. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.019.
