Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Жарияланған September 2026

0

0

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет
Аңдатпа

Мақалада мектептік білім беру кезеңінде мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың кәсіби болашағына қатысты педагогтердің негізгі ұстанымдары мен дефициттері айқындалады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылармен тікелей өзара әрекеттесетін білім беру ұйымдарының педагогтері мен мамандарымен жүргізілген сұхбаттар негізінде оқушылардың кәсіби болашағы туралы, мектеп пен педагогтің кәсіби бағдар берудегі рөлі жөніндегі, тиімді кәсіпалды даярлықты қамтамасыз ету үшін мектеп жағдайлары мен инфрақұрылымына қойылатын талаптар туралы педагогикалық түсініктер жіктеліп, құрылымдалды.

Алынған нәтижелер негізінде мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтау үдерісіндегі педагогтердің рөлі, олардың ұстанымдары мен мүмкін болатын кедергілерінің маңыздылығы атап өтіледі. Авторлар білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру мен кәсіпалды даярлау үдерістерін жеке дараландырудың, еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи кәсіптер мен мамандықтарға бағдарланудың маңызын ерекше көрсетеді.

Мақалада мүмкіндігі шектеулі оқушыларды олардың қалауы мен қажеттіліктеріне сүйене отырып, психофи-зикалық денсаулық жағдайын ескере отырып ерте кәсіби бағдарлаудың қажеттілігі, сондай-ақ дамуында бұзы-лыстары бар оқушылардың кәсіпалды даярлығы мәселелері бойынша педагогтердің қосымша даярлығын ұйымдастырудың орындылығы жөнінде ұсынымдар беріледі.

Мақаланың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтау мүмкіндіктері туралы педагогтердің пікірлерін анықтау және талдау.

Мақалада мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін пәндерге оқыту мен еңбекке баулудың заманауи педагогикалық және ұйымдастырушылық шарттары, кәсіби бағдар беру мен кәсіпалды даярлауды күшейту мәселелері сипатталады. Зерттеу нәтижелері психофизикалық дамуы бұзылған балаларды еңбекке оқыту және кәсіпалды даярлау үдерісінің бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуін әзірлеу кезінде қолданылуы мүмкін.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Мовкебаева З.А., Хамитова Д.С. , . 2026. МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ӨЗІН-ӨЗІ АНЫҚТАУЫНА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 444–454. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.040.