Мақалада музыкалық білім беру бакалаврларының вокалдық-орындаушылық іс-әрекетке (ВОІ) дайындығын қалыптастырудың құрылымдық-функционалдық моделін апробациялау нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі жалпы білім беретін мектептердің заманауи талаптарына сәйкес болашақ музыка мұғалімдерін вокалдық-орын-даушылық даярлаудағы репродуктивті тәсілді еңсеру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – музыкалық білім беру бакалаврларының вокалдық-орындаушылық іс-әрекетке дайындығын қалыптастырудың әзірленген құрылымдық-функционалдық моделінің тиімділігін эксперименттік тұрғыда тексеру. Сенімді мәліметтер алу үшін диагностикалық әдістердің кешені қолданылды: сауалнама, тестілеу (М. Рокич, К. Замфир – А. Реан әдістемелері) және Г. Клаус критерийлері жүйесі бойынша қосыла бақылау. ВОІ-ге дайындық динамикасын бағалау алгоритмдік, интерпретациялық және шығармашылық деңгейлерге сәйкес келетін критерийлер (мотивациялық-құндылықтық, когнитивті-операционалдық, тұлғалық) және көрсеткіштер (К1 – мотивациялық-құндылықтық қатынас; К2 – арнайы білім мен дағдылар жиынтығы; К3 – кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттер) бойынша жүзеге асырылды. Нәтижелер математикалық статистика әдістері (t – Стьюдент критерийі, Хи-квадрат) арқылы верифи-кацияланды. Апробация нәтижелері модельдің тиімділігін дәлелдеді: эксперименттік топта шығармашылық деңгейдегі студенттердің үлесі 69,44%-ға жетті, бұл ретте алгоритмдік орындау деңгейі толық жойылды (0%). Статистикалық мәліметтерді өңдеу (t = 6,42; х2 = 24,19) ВОІ-ге дайындық деңгейлерінің үлестіріміндегі сапалық өзгерістердің шынайылығын растайды. Жұмыстың ғылыми жаңалығы болашақ музыка мұғалімдерінің ВОІ-ге дайындығын қалыптастыру процесінің тұжырымдамалық тұтастығын қамтамасыз ететін жүйелік, ақпараттық және тұлғалық-іс-әрекеттік тәсілдердің синергетикалық өзара әрекеттесуі негізінде модельді негіздеу мен әзірлеу арқылы музыкалық білім беру бакалаврларын вокалдық-орындаушылық даярлау туралы методологиялық түсініктерді кеңейту болып табылады.
МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАКАЛАВРЛАРЫНЫҢ ВОКАЛДЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
Жарияланған September 2026
0
0
Аңдатпа
Тіл
English
Кілтті сөздер
музыкалық білім беру бакалавры
вокалдық-орындаушылық іс-әрекет (ВОІ)
құрылымдық-функционалдық модель
дайындықты қалыптастыру процесі
болашақ музыка мұғалімдерін кәсіби даярлау
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Rakhmetov Т., Mombek А., Usеnоvа А., Umirzakova L., Моrаr М. . 2026. МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАКАЛАВРЛАРЫНЫҢ ВОКАЛДЫҚ-ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 91, 3 (Вер 2026), 4245–257. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.91.3.022.
