Экономиканың үздіксіз дамуы жағдайында оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің маңыздылығына үнемі жаңа талаптар қойылып отырады. Қазіргі кезеңде әлемдік білім беру реформасының маңыздылығы ұлттық сапалы білім беруге ауысты. Мұндай білім берудің басымдылығы - жан-жақты сауатты және білімді тұлға тәрбиелеу. Медиа технологиялар - оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне қазіргі заманғы әсер етуші құралдардың бірі. Авторлар медиа технологияларды бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, қоғамдағы гуманистік идеалдар мен құндылықтарға негізделген өзара әрекеттесуге бағытталған жүйелік әдістер мен әрекеттер жиынтығы ретінде қарастырады.Рухани-адамгершілік білім беру - білім берудегі ең жоғары басымдылық болып табылады. Мақалада оқушылардың адамгершілік тәрбиесін дамыту және жаңа медианың студенттердің идеялық-адамгершілік деңгейіне кері әсерін барынша азайту үшін медиа технологияларды қалай орынды пайдалану туралы мәселе көрсетілген. Авторлар жаңа медиа жағдайында студенттерді адамгершілікке тәрбиелеудегі мүмкіндіктері мен проблемаларын талдайды.
СТУДЕНТТЕРДІ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕДИАТЕХНОЛОГИЯ
Жарияланған December 2021
195
143
Аңдатпа
Тіл
Русский
Дәйексөздерді қалай жазу керек
[1]
Акрамова А.С., Бай Цинсинь , Кариев А.Д., . 2021. СТУДЕНТТЕРДІ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ МЕДИАТЕХНОЛОГИЯ . Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 72, 4 (Груд 2021), 89–99. DOI:https://doi.org/10.51889/2021-4.1728-5496.11.