Бұл мақалада әлеуметтік педагогтің цифрлық құзыреттілігін бағалаудың маңыздылығы, мақсаттары, әдістері және нәтижелерін қолдану аспектілері қарастырылады. Қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамып жатқан жағдайында әлеуметтік педагогтердің цифрлық құзыреттілігін бағалау олардың кәсіби қызметінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік педагогтің цифрлық құзыреттілігі – оның кәсіби қызметінде заманауи цифрлық құралдарды тиімді пайдалана білу қабілеті мен дағдыларының жиынтығы. Бұл құзыреттілікті бағалау педагогтің кәсіби деңгейін анықтауға, оқыту қажеттіліктерін айқындауға және даму стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Бағалау нәтижелері әлеуметтік педагогтің кәсіби дамуына, оқыту бағдарламаларын әзірлеуге және цифрлық құзыреттілікті жетілдіру бойынша нақты шараларды қабылдауға бағытталады. Олар кәсіби даму жоспарын құрудан, оқыту қажеттіліктерін анықтаудан, оқыту бағдарламаларын әзірлеуден және әдістемелік қолдау көрсетуден тұрады.
Мақалада цифрлық құзыреттілікті бағалау әдістері, көрсеткіштері мен нәтижелерін қолдану жолдары талданады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін ұсыныстар беріледі. Зерттеу нәтижелері әлеуметтік педагогтің қызмет сапасын арттыру, кәсіби білімін жетілдіру және жаңа технологияларға бейімделуіне ықпал етеді. Бұл мақала әлеуметтік сала мамандарына, білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне, зерттеушілер мен саясаткерлерге цифрлық құзыреттілікті бағалау мен дамыту бойынша әдістемелік негіз қалыптастыруда көмекші бола алады.
