Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған June 2026

0

1

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Мақала авторлары бастауыш сынып оқушыларына функционалдық математикалық сауаттылықты қалыптас-тырудың теориялық және практикалық-бағдарланған негіздерін қазіргі білім беру үдерістері мен бастауыш білімге қойылатын талаптар тұрғысынан қарастырады. Зерттеу барысында талдау, синтез, жалпылау, салыстыру және деректерді түсіндіру сияқты теориялық әдістер қолданылды. Мақалада «функционалдық сауаттылық», «функ-ционалдық математикалық сауаттылық» ұғымдарының мәні ашылады. Функционалдық сауаттылық — жаңа білім емес, ол құзыреттіліктер жиынтығы, яғни оқушының мәселелерді шешуге дайын болуы мен қабілеті, өмірлік тәжірибесіне және бұрын алған білімдеріне сүйене отырып әрекет етуі, білім, білік, дағдыларды жалпылау, біріктіру, интеграциялау және оларды түрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана білуі, сондай-ақ өзін-өзі білімдендіруге дайын болуы екендігі атап өтіледі.

«Математикалық сауаттылық» пәннің практикалық мазмұнын көруге және оны нақты өмірлік жағдайда қолдануға мүмкіндік береді. Математикалық компонент ұтымды және сыни ойлауды қалыптастырудың, есептерді шешу барысында ақпаратпен жұмыс істеудің, негізделген шешім қабылдаудың және нақты ұстанымды сақтаудың негізі болып табылады.

Мақалада бастауыш мектепте функционалдық математикалық сауаттылықты қалыптастырудың түрлі құралдары сипатталған: оқушылардың өмірлік тәжірибесіне негізделген нақты жағдайлар қолданылатын ситуациялық тапсырмалар, цифрлық тренажерлар, жобалар. Зерттеу нәтижесінде авторлар бұл жұмыс бастауыш сынып оқушыларына функционалдық математикалық сауаттылықты қалыптастыруды талдап, педагогикалық үдеріс үшін практикалық мысалдар мен ұсыныстар ұсынатыны туралы қорытынды жасайды.

pdf (Русский)
Тіл

Русский

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Бекбаева М.Т., Аренова А.Х., Yücel Gelişli . 2026. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНДА ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 335–344. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.032.