Мақалада цифрлық трансформацияда бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын қалыптастыру мәселесі PIRLS халықаралық зерттеуінің нәтижелері негізінде аналитикалық тұрғыда талданды. Қазіргі білім беру жүйесінде цифрлық технологиялардың кеңінен енгізілуі оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін түбегейлі өзгертіп, оқу сауаттылығын жаңа қырынан қарастыруды талап етуде. Осы тұрғыда мақалада оқу сауаттылығы тек мәтінді түсіну дағдысы ретінде емес, ақпаратты табу, біріктіру, интерпретациялау және бағалау қабілеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Зерттеудің теориялық бөлігінде оқу сауаттылығы ұғымының халықаралық зерттеулердегі (PIRLS, PISA) түсіндірмесі беріліп, цифрлық оқу ортасының ерекшеліктері айқындалады. Материалдар мен әдістер бөлімінде PIRLS–2016 және PIRLS–2021 зерттеулерінің құрылымы, бағалау форматы, қатысушы контингенті және цифрлық форматқа көшу ерекшеліктері сипатталады. Зерттеу деректері Қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейінің динамикасын анықтауға мүмкіндік береді.
Нәтижелерді талдау барысында әдеби және ақпараттық мәтіндер бойынша оқу жетістіктеріндегі айырма-шылықтар, қағаз және цифрлық форматтағы тапсырмаларды орындау нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіштері қарастырылған. Әсіресе «Бос құмыра» әдеби мәтініне берілген тапсырмалар негізінде оқушылардың ақпаратты табу, себеп-салдарлық байланысты анықтау, метафоралық мағынаны түсіну және кейіпкердің эмоциялық күйін интерпретациялау дағдылары талданады. Сонымен қатар қорытындыда цифрлық оқыту жағдайында оқу сауатты-лығын дамытуға бағытталған әдістемелік және стратегиялық шешімдер қабылдаудың маңыздылығын негіздейді.
