Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АБАЙ ІЛІМДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланған June 2026

0

1

Қ.Құлажанов атындағы «Қазақ технология және бизнес» университет
Аңдатпа

Жаһандану жағдайында білім беру жүйесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесімді сақталуы ерекше өзектілікке ие болып отыр. Мақаланың мақсаты – қазіргі Қазақстан жастарының бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда Абай Құнанбайұлы мұрасының педагогикалық әлеуетін ашып көрсету. Зерттеудің теориялық негізін қазақстандық және шетелдік ғалымдардың философиялық-педагогикалық еңбектері, Абай шығармалары, сондай-ақ халықаралық құқықтық құжаттар құрайды. Зерттеу барысында жүйелік, тарихи-мәдени және герменевтикалық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Абайдың «Толық адам» тұжырымдамасы адамгершілік, әділдік, адал еңбек, жауапкершілік, рухани тазалық және адамға құрмет сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды ұлттық бірегейлік, тіл және рухани мұрамен өзара бірлікте қарастырады. Абай мұрасындағы құндылықтар қазіргі гуманистік және білім беру тұжырымдамаларымен, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қағидаларымен үндес келетіні дәлелденді. Мақалада Абайдың этикалық идеяларын білім беру процесіне енгізудің пайдасы жастардың рухани бай, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік жауапты тұлға болып қалыптасуына ықпал ететіні негізге алынды. Зерттеудің маңыздылығы – ұлттық рухани мұраның жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтудағы және жастарды патриотизм, толеранттылық пен гуманизм рухында тәрбиелеудегі рөлін теориялық тұрғыдан айқындау.

pdf (English)
Тіл

English

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Shaharman G., Khassenova G., Yeshniyazova Z., . 2026. ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АБАЙ ІЛІМДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 5–14. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.001.