Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «SOFT SKILLS» ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланған June 2026

4

10

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет
Аңдатпа

Бұл мақалада ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларының soft skills дағдыларын қалыптастыру мәселесі қарастырылады. Қазіргі жаһандану жағдайында білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың тек академиялық білімін ғана емес, сонымен қатар олардың әлеуметтік бейімделуін, тұлғалық дамуын және өмірлік дағдыларын жетілдіру болып табылады. Осы тұрғыда soft skills ұғымы білім беру мазмұнының маңызды құрамдас бөлігі ретінде анықталады.

Зерттеудің мақсаты ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларының soft skills дағдыларын қалыптастырудың мазмұны мен әдістерін айқындау және олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен дәлелдеу болып табылады. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстырмалы-педагогикалық талдау, бақылау, сауалнама және педагогикалық эксперимент әдістері қолданылды.

Эксперименттік зерттеу Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында жүргізілді. Эксперимент нәтижелері ұлттық құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік, ынтымақтастық, өзін-өзі реттеу және жауапкершілік дағдыларының айқын дамуына ықпал ететінін көрсетті. Эксперименттік топта soft skills көрсеткіштерінің өсуі бақылау тобымен салыстырғанда едәуір жоғары болды.

Зерттеу нәтижелері бастауыш білім беру тәжірибесінде ұлттық құндылықтарды soft skills дағдыларын қалыптастырудың тиімді педагогикалық құралы ретінде қолдануға болатындығын дәлелдейді.

pdf
Тіл

Қазақ

Дәйексөздерді қалай жазу керек

[1]
Абдурахманова М.М., Сәдуакас Г.Т., Халилаева Э.Ж., . 2026. ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «SOFT SKILLS» ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Педагогика ғылымдары сериясы. 90, 2 (Чер 2026), 373–385. DOI:https://doi.org/10.51889/2959-5762.2026.90.2.036 .